ЭМИГРАНТСКАЯ ЛИРА-2015. Конкурс поэтов-переводчиков «Свеча толмача»
Автор: Баязитов Сулеймен родился в 1944 году в с. Ж.Шанин Баянаульского района, ныне проживает в г. Павлодаре (Казахстан). Лауреат премии областного союза журналистов. Первый рассказ вышел в 1962 году в газете «Тың өлкесі», затем рассказы печатались в областной газете «Қызыл Ту» («Сарыарка Самалы»), республиканских газетах: «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Дала дидары», в журналах «Балдырған», «Жалын», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Сарыарқа», «Ара», «Жаңа Сарыарқа».С. Баязитов - автор тринадцати книг: «Бастау» (1973), «Жасыбай батыр» (2004), «Хаң ием» (2005), «Жаралы жердің жанары.Сергелең»,«Тамыздағы тамұқ» (2006), «Пайымдау» (2007).
Стихи взяты из книги С. Баязитова «Алаш арысталы», - Астана, изд. «Фолиант», 2012 г.
Астана (казахский язык)
Жер жөргекте сен жатқанда-ақ іңгәлап,
Әлемге атың кетті «Астаналап».
Ырымшыл қазақ біткен тәуба дескен,
Тәй басқан қадамыңды қадағалап.
Тұрғанда әлем сенен алмай көзін,
Саясат саңлақтары арнап сөзін,
Көбік ауыз кей сыншы ауыз жаппай,
Аласапыран күй кешіп ұмытты өзін.
Нұрекең бастап өзі көштің басын,
Қалады Астананың алғаш тасын.
Аязға бет қарыған шыдай алмай
Көп жұрттың түсіп кеткен ұнжырғасын
Көтерді күнделікті ісіменен,
Сенімнің, тәуекелдің күшіменен.
Іргесін кей күдікшіл аулақ салған,
Ұлы ойын Нұркеңнің түсінбеген.
Астана –сенің қалаң, менің қалам,
Сеніммен болашаққа басқан қадам.
Жемісі Нұрекеңдік кемел ойдың,
Самғай бер ғасырларға, ақ шағалам!
Астана
Восхищалась страна ангелочком,
Колыбель её нежно качая:
– До чего ж ты красивая, дочка,
Будет всё у тебя, дорогая!
Предрекали судьбу аксакалы:
–Айналайын, Аллах тебя любит!
Будет счастье тебе, и немало!
И у ног твоих будут люди!
И любила страна, и ласкала
Новорожденную столицу,
И неслась имя доброго слава,
И светились улыбками лица.
Были радости, были печали –
Так непросто растить младенца!
Не спала мать-отчизна ночами,
И от слёз надрывалось сердце.
И тогда Нуреке-родитель
Песни пел у её колыбели,
Солнца луч пробивался в обитель,
Отступали снега и метели.
Повзрослела и стала царицей,
Чайкой белою в поднебесье,
Дорогая моя столица,
Нурсултана мечта и песня!
Болғай да құтты бесігің (казахский язык)
Нұрфараби, жарығым,
Баязиттің ұрпағы,
Асылбектің жалғасы,
Немеремсің алғашқы.
Үміт шоғын үрлеумен
Қаншама жыл алмасты.
Алаулап атты қыр таңы,
Қаншама түндер өтпеді.
Өзге елдің өсіп ұрпағы,
Өмірде мынау өтпелі
Кешігіп жатты атаңның
Аңсай бір күткен көктемі.
Алладан тілеп көктегі,
Жаратқаннан мырза жоқ, тегі,
Бұл атаң сені армандап,
Қаншама жылды өткерді.
Ақыры Алла жарылқап,
Қақтың-ау өмір есігін.
Жатырсың жүзің албырап,
Болғай да құтты бесігің,
Болғай да құтты бесігің!
Внуку
Нурфараби, мой долгожданный внук
И продолжатель рода Баязита,
Ты – солнца луч и громкий сердца стук,
Моя надежда, молодость, защита.
Я много лет в мечтах встречал рассвет,
Просил Аллаха страстно каждый вечер,
Чтоб ты сказал однажды: «Здравствуй, дед!»
Я жил и верил в чудо нашей встречи.
Давно пустили корни старики,
Мои друзья, седые аксакалы,
А я всё ждал от жизненной реки
Воды спокойной, тихого причала,
Где новый день, открыв входную дверь,
Войдёт в наш дом тихонечко, без стука,
А мы с женой качаем колыбель
Желанного улыбчивого внука!
Неге үнсізсің?.. (казахский язык)
Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін,
Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін.
Ал түсіме осы шың жиі кіред,
Сезем, сезем, жері емес өзгелердің,
Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті,
Қаншама ұрпақ алмасты өңіріңнен,
Қар көмкерді, жаңғыртып жасын өтті.
Оны қазір тап басып айта алар кім?
Тап басса да, есесін қайтарар кім?
Осы шыңға өрлеймін түсімде мен,
Түн түндігін түргенде айқара күн.
Қазына іздеп сабылам үңгірлерден,
Тосын үннен сескеніп күңгірлеген,
Өз-өзіме жатқаным сауал қойып,
Іздегенім алтын ба, мүмкін, өлең?..
Сан үңгірді сабылып шарлап-шарлап,
Түк таба алмай көзімнен жасым парлап.
Оянамын, о, тәуба-ай, ертең тағы
Түс сапарға шығамын
Маған арнап
Іздемек боп тығылған қазынаны,
Қанағат қып аз дәулет, аз мұраны,
Жүрген жан ем, бұл сырым Аллаға аян,
Жоқ іздетіп неге үңгір қаздырады?
Не десең де
Тылсым сыр ашылмаған,
Көрінеді көп жайдан басым маған.
Іздеп жүрген қазынам өлеңім бе,
Жазылмаған, сонан соң басылмаған,
Жыр шашуым жұртыма шашылмаған?..
Неге үнсізсің, мәңгі жас, жасыл ғалам?
Зачем молчишь?..
Мне снится по ночам одна страна,
Но точно знаю, нет её в помине,
Она манит, зовёт меня она,
Её простор и неба купол синий.
Страна моя, желанная земля,
Пристанище уснувших поколений,
Здесь тысячи таких же, как и я,
Перед тобой упали на колени!
Я покорял вершины гор не раз,
Я шёл вперёд с завидным постоянством,
В пещерах тёмных, не жалея глаз,
Разыскивал несметные богатства.
Искал ответ во сне и наяву,
Загнал свою степную кобылицу,
В пути стихи я складывал в суму,
Что предпочесть, не мог определиться.
А, может, зря потратил столько сил
На поиски богатства повсеместно?
Я скромно жил, был честен, не кутил,
Аллаху всё доподлинно известно.
И все мои сокровища – стихи?
«Зачем молчишь?» - кричу с горы Вселенной,
Летите в мир, как благодать легки,
Дары мои, неистовы, нетленны!
|